Еліміз Иранға күріш экспорттайды

1858

Иран басқа иморттаушылардан бас тартып, Қазақстанға басымдық беруі ықтимал.  

Еліміз Иранға күріш экспорттайды

Ирандықтар Қазақстаннан күріш алуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

"Бұл жергілікті тұрғындардың тұтынатын негізгі азық-түлігі болғандықтан, біздің  өнімге сұраныс жоғары", – дейді сарапшылар.

Экспортпен Қызылорда облысының шаруалары айналысады. Су тапшылығына қарамастан, олар былтыр мол өнім жинаған. Барлығы 473 мың тонна.

Екі ел арасындағы бұл саладағы ынтымақтастық 2016 жылы басталған. Қазақстан мен Иран президенттері Тегеранда кездесіп, 37 меморандумға қол қойған еді. Солардың бірі – ауыл шаруашылығында серіктестік орнату. Бір жылдан кейін Иранға жұмыс сапарымен қазақстандық шаруалар келіп, Гүлістан мен Мазендаран аймақтарындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Келіссөздер нәтижесінде мал шаруашылығы мен күріш өсіру бойынша екіжақты келісімдер жасалды. Жақын арада Иран дүкендерінің сөрелерінде Қызылорда алқабында өсірілген күріштің "таром хашеми" сұрпы пайда болады. Былтыр Иран қазақстандық шаруаларға дәндерін егуге тапсырыс берген.

Жалпы, Иранға күрішті Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Таиланд, Үндістан мен Ирак жеткізіп жүр. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу