Еліміз қай елдерге күріш экспорттады?

657

Ақ маржанның негізгі көлемі ТМД елдеріне экспортталған. 

Еліміз қай елдерге күріш экспорттады? Фото: produkt-pitaniya.info

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, былтыр Қазақстанда 209,6 мың тонна күріш өндірілді. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 0,9%-ға артық. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында отандық кәсіпорындар 38,6 млн долларға 123,2 мың тонна күріш экспорттады, деп жазады inbusiness.kz 

Ақпаратқа сәйкес, күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жөнелтілді. Өткен жылы бұл елдерге 119,9 мың тонна күріш экспортталды. 

Отандық күрішті негізгі импорттаушы мемлекеттер – Ресей (37,6 мың тонна), Тәжікстан (30 мың тонна), Өзбекстан (26,7 мың тонна).

"Әлемнің басқа елдеріне Қазақстан 3,3 мың тонна күріш жөнелткен. Мұнда Моңғолия, Ирак және Түркия көш бастады. Бұдан бөлек бұл дақыл былтыр АҚШ, Иран, Израиль және Украинаға жеткізілген болатын", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу