Еліміз Қарақалпақстанмен бірігіп киіз үй жасауға кіріспек

688

Ақтау мен Нөкіс кәсіпкерлері отау тігетін бірлескен кәсіпорын ашуға ниетті.

Еліміз Қарақалпақстанмен бірігіп киіз үй жасауға кіріспек Фото: google.com

Өйткені қазір Қарақалпақстан өнімінің негізгі импортеры Қазақстан екен. Жылына бір шеберхананың өзі елімізге 100-ден астам отау сататын көрінеді. Киіз үйлердің бағасы қанаша?

Бұл Қарақалпақстанда киіз үй жасайтын 20 ұстаның бірі ғана. Мұнда 7-8 шебер айына 2 киіз үй жасап шығады екен. Басты сұраныс Қазақстаннан көрінеді.

Елімізден тапсырыс негізінен 8 не 16 қанатты үлкен киіз үйлерге түседі екен. Әр отаудың бағасы қанатына қарай белгіленеді. 11 миллионнан бастап 37-ге дейін барады. Бұл біздің валютамен 1,5 миллион теңгедей.

"Қазір тек Қазақстанның тапсырыстарын орындап жүрміз. Өйткені онда ұста жоқ. Сондықтан сұраныс көп. Тіпті келер жылдың сәуіріне дейін Қазақстаннан сатып алушылар кезекте тұр. Жалпы соңғы жылдары көршімізден тапсырыс артып жатыр. Былтыр 100-ге жуық отау саттық", - дейді ұста Азамат Төрекеев.  

Бұл атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсіп. Барлық шебер бір әулеттің адамдары. Ал шикізат болса сол ауылдан. Ұсталар, киіз үй жасауға ешқандай жаңа технология керек емес. Қолдың ептілігі жеткілікті,- дейді.

"Біз қазақ киіз үйінің жасалу ерекшеліктерін зерттеп, Қазақстанға жасай бастады. Қазақ отауының шаңырағы біздікінен өзгеше. Оған қоса, онда кереге оңға қарай жиналады, ал бізде солға. Қазақстанға үйдің қаңқасын жасап жібереміз, ал киізін өздері тігеді", - дейді ұста Өтебай Төрекеев.

Елімізде бұл кәсіп әлі нарықтық деңгейде дамымаған көрінеді. Сондықтан Маңғыстаудың бизнес өкілдері Қарақалпақстанға арнайы келіп жобамен танысып кетіпті. Енді Алматыда қазақтың киіз үйін жасайтын бірлескен кәсіпорын ашпақ ниетте.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу