Еліміз макарон өнімдерінің өндірісі мен экспортын ұлғайтты

37

Қазақстанда қаңтар-қыркүйек аралығында 120,9 мың тонна макарон өнімдері өндірілді.  

Еліміз макарон өнімдерінің өндірісі мен экспортын ұлғайтты Фото: top-news.kz

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 пайызға көп, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ішкі нарықта 117,9 мың тонна өнім сатылып, шетелге 36,2 мың тонна жөнелтілген.

LS порталының мәліметі бойынша, макаронның негізгі сатып алушысы Ресей болып қалып отыр: 19,9 мың тонна өнім алған. Тәжікстанға 6,3 мың тонна, Қырғызстанға 3,9 мың тонна экспортталды.

Биыл бірқатар елдерге жіберілетін өнім көлемі күрт артты. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 1,5 есе, Оңтүстік Кореяға 1,6 есе, Түрікменстанға 1,9 есе, Израильге екі есе, Арменияға 2,2 есе, Әзербайжанға үш есе көбейді.

Аз көлемде Грузияға, Қытайға, Моңғолияға, Молдоваға, БАӘ-ге және Германияға да өнім сатылды.

Импорт та өсім көрсетіп отыр: Қазақстан сырттан 33,1 мың тонна макарон сатып алған. Негізгі жеткізушілер: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Италия, Вьетнам, Малайзия, Оңтүстік Корея және Польша. Ішкі нарықта баға айтарлықтай өзгермеген. Бір жылда вермишель 6 пайызға, рожки 6,1 пайызға, лапша 2,6 пайызға қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу