Еліміз мұнай-газ өндірісін арттырмақ

919

Еліміз мұнай-газ өндірісін арттырмақ

Еліміз мұнай өндірісін 4 млн тоннаға дейін арттырмақ. Осылайша биылғы жылғы шикізат өндірісінің жалпы көлемі 81 млн-нан 85 млн тоннаға жетуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Оның айтуынша Қазақстан газ қорыту бойынша да қарқынды үдетуде. Ағымдағы қаңтар-тамыз айлары аралығында елімізде өндірілген көк отынның мөлшері былтырғыдан 12,2 пайызға артық. Елде шығарылған газдың басым бөлігі ірі кен орындарына тиесілі. Атап айтсақ, 49 пайызы Қарашығанақта, 31 пайызы Теңізде, 14 пайызы Қашағанда өндірілген. Сондай-ақ, вице-министр Теңізшевройлдағы "Болашақ-кеңею" жобасынан күтілетін нәтижемен бөлісті.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР энергетика вице-министрі:

"Теңізде өндірілетін мұнай көлемі жылына 38-39 млн тоннаға жетіп, яғни 12 млн тоннаға өсетін болады. Алдағы 3-5 жылда жобаның жалпы құны 38 млрд доллардың кем дегенде 32 пайызы қазақстандық тауарларға жұмыстармен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын болады."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу