Еліміз ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

1727

2021 жылы "қара алтын" экспортынан түсетін есептік пайда 14 млрд долларға жетуі мүмкін.   

Еліміз ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.  

"Бүгінгі таңда коронавирустың таралуына қарсы күресте оң динамика және мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныстың біртіндеп қалпына келуі байқалады. 4 наурызда өткен ОПЕК + кездесуінің қорытындысы бойынша келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартуды 2021 жылғы сәуірге дейін жалғастыратыны туралы шешім қабылдады. Бірақ Қазақстан мен Ресей үшін осы кезеңдегі өндірісті сәйкесінше тәулігіне 20 және 130 мың баррельге кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін жеке шарттар жасалды. Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер сәуір айында тәулігіне 1,457 млн баррельді немесе базалық деңгейден  -15% құрайды", – деді министр. 

Сонымен қатар ведомство басшысы пандемия кезінде үкімет пен ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіру көлемін қысқарту аясында қабылдаған шаралардың нәтижесінде, былтыр "қара алтын" бағасы 1 баррель үшін 18 доллардан 50 долларға дейін жоғарылады. Нәтижесінде 2020 жылы шектеуді ескергеннің өзінде мұнай экспортынан түсетін есептік пайда 10 млрд долларды құрады. 

"2021 жылы бұл көрсеткіш шартты түрде 14 млрд долларды құрайды", – деді министр. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу