Еліміз орман өрттерін сөндіруге қаншалықты дайын?

351

Алдыңғы жылдары Қостанай және Абай облыстарында ірі орман өрттері тіркелді. 

Еліміз орман өрттерін сөндіруге қаншалықты дайын? Фото: gov.kz

Еліміз өрттерді сөндіруге жалпы дайын. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өздеріңізге мәлім, ірі өрт Қостанай мен Семейде болған. Мемлекет тарапынан біраз іс-шаралар қабылданды, оның ішінде кешенді жоспар бар. Оның аясында бүкіл орман саласына 60 млрд-тан астам ақша қарастырылып отыр. Өткен жолы оның 13,8 млрд-ы бөлінді. Біз оған біршама техника алып, ұлттық парктерге, резерваттарға бердік. Өкінішке қарай, әлі де проблема көп. Себебі сол 70 пайыз техниканың жүз пайызын алсақ, 60 пайызы есептен шығаруға жатады. Біз тиісті мемлекеттік органдармен, атап айтқанда Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерімен алгоритм жасадық. Осындай қауіпті жағдай туындағанда қоян-қолтық жасайтын іс-шаралардың бәрін белгілеп алдық. Биылғы жылдары өрттерді сөндіруге жалпы дайынбыз деп ойлаймын", - деді министр.

Тілшілер Семейдегі орманды қалпына келтіру үшін қанша уақыт қажет екенін сұрады.

"Орман толық қалпына келуі үшін 40-50 жылдай қажет", - деді Ерлан Нысанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу