Еліміз Орталық Азия аймағындағы ірі ІТ ойыншыға айналып келеді - министр

363

Өткен жылы ІТ-экспорт 334 млн долларға жеткен.

Еліміз Орталық Азия аймағындағы ірі ІТ ойыншыға айналып келеді - министр Фото: fishki.net

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай ІТ-экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізу мақсатын қойды. Былтыр ІТ-экспорт бес есе өсіп, 334 млн доллар болды. Оның ішінде 153 млн доллар Astana Hub қатысушыларымен жасалды. 

Бұл – біздің цифрлық өнімдеріміздің халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенінің көрсеткіші", - деді министр Үкімет отырысында.

Ол Astana Hub Орталық Азия өңіріндегі Google for Startups-тің жалғыз серіктесі болғанын атап өтті.

"Қазақстан аймақтық ірі ІТ ойыншысына айналып келеді. Бұған қоса, айти саласындағы инвестициялар көлемі өсіп, стартаптар Кремний алқабының акселерациясына да шығуда. Бәйтерек холдингімен бірлесіп, отандық ІТ-өнімдерді енгізуді ынталандыруға бағытталған нақты шаралар әзірленді. 15 қыркүйекте Орталық Азия мен Түркі Мемлекеттерінің Ұйымына мүше елдердің стартаптарын қолдауға және ілгерілетуге бағытталған Silkroad Innovation Hub өкілдігі ашылады", - деді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар ІТ мамандарды тарту мақсатында Digital Nomad visa жобасы іске асырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу