2021 жылдың 9 айында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтыну өсімі Оңтүстік аймақта 11,8%-ды, Солтүстік аймақта 5,8%-ды және Батыс аймақта 6,6%-ды құрады. Қарбалас уақытта қуатты тұтыну өткен жылғы мәннен 1000-1500МВт-қа артық. Бұл қуат тұтас бір облыстың тұтынуымен тең. Мысалы, Алматы облысының тұтынуымен бірдей.
Жағдай ҚР БЭЖ Электр станцияларындағы авариялық және жоспарланбаған жөндеулердің көп болуына байланысты генерациялайтын қуаттардың тапшылығымен күрделене түседі. Мысалы, генерацияны авариялық ажыратудың ұзақтығы 2021 жылдың басынан бастап 2020 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 25%-ға ұлғайды. Бұл ретте жабдықтың жекелеген түрлері бойынша бұл көрсеткіштің өсуі айтарлықтай жоғары: турбоагрегаттардың авариялық тоқтатылу ұзақтығы 2 еседен астам шамаға өсті (+134%, 2020 жылы 12177 сағат, 2021 жылы 28550 сағат), газ турбиналарының авариялық тоқтатылу ұзақтығы 43%-ға, энергия блоктық жабдықтың 18%-ға өсті.
Генерацияның жетіспеушілігі тұтынушылардың электр энергиясы мен қуатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін ахуалға әкелді. Бұл өз кезегінде Қазақстан БЭЖ тұтынушыларының нақты тұтынуының жоспарлы шамалардан ауытқуларына әкеліп соғады. Энергия жүйесі бойынша қуаттың ауытқуы шамамен 1000 МВт құрайды, соның ішінде тек Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік аймағы бойынша ауытқу шамасы 700 МВт-тан асады. Генерацияның жетіспеушілігі, қуат пен электр энергиясының ауытқуы Қазақстан БЭЖ тұрақтылығының бұзылуына қауіп төндіреді – ірі жүйелік аварияның пайда болу қаупі бар. Кешкі максимум сағаттарында Қазақстан БЭЖ-інің Солтүстік-Оңтүстік транзиті бойынша электр энергиясының ағыны рұқсаттық мәннен асып түседі. Генерацияның иеліктегі резервтерінің толық таусылуына байланысты тұтынушылар үшін авариялық істен шыққан генерацияны алмастыру және жоспарлы импортты іске асыру мақсатында шектес энергия жүйелерінен жоспарлы жеткізуді жүзеге асыру қажеттілігін атап өтеміз.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, "KEGOC" АҚ Жүйелік оператор ретінде Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Жоспардан тыс тұтыну орын алған жағдайда, "KEGOC" АҚ қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тұтыну режимін сақтау бойынша тұтынушылардың жекелеген санаттарына шаралар қабылдауға мәжбүр болады.
2021 жылғы 5 қазанда Жүйелік операторға жүктелген міндеттемелерді орындау шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелерге сәйкес тұтынуды шектеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізілді: "АЖК" АҚ желілеріндегі шектеулер – 75 МВт. (асып кету 160 МВт, диапазонынан тыс 90 МВт). "Қызылорда ТЭК" АҚ желілерінде шектеу – 31 МВт (асып кету 39 МВт, 33 МВт). "Enegix" АҚ шектеулері – 68 МВт (асып кету 100 МВт, диапазонынан тыс 90 МВт).