Еліміз өзінің сүтке сұранысының 90%-ын жаба алады

936

Еліміз өзінің сүтке сұранысының 90%-ын жаба алады

2017 жылы  Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде сүт өндірісі 4%-ға өседі, деп хабарлайды  Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған LS.

ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі алқа мүшесі (министр)  Сергей Сидорскийдің айтуынша 2016 жылы  одақ елдері  45,4 млн тонна сүт өндірген. 2017 жылы  46,5 млн тонна өндіріледі деп болжанып отыр.

"Біздің есептеулеріміз бойынша,  сүт бойынша импортты алмастырудан тиімділік 1 млрд доллардай болады. Биыл  өзара сауда  5 млн тоннаға дейін артады және үшінші елдерден импорт 3,2 млн тоннаға дейін қысқарады", – деп түсіндірді ол.

Дегенмен, Қазақстан мен Армения өзінің сүтке сұранысының 90%-ын, ал Ресей  82%-ын өтей алады. Беларусь пен Қырғызстанда өндіріс көлемі ішкі сұраныстан асып түседі (Беларусьте 2,5 есе)

"Бұл аталған елдерге  ЕАЭО аясында, сонымен қатар үшінші елдерге  сүт жеткізу үшін мүмкіндік береді", – деп атап өтті Сидорский. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу