Еліміз тұтынатын құс етінің 30%-ы импорттық

157

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша құс етін өндіру және өткізу нарығындағы бәсекелестікке жоспардан тыс талдау жүргізілді.  

Еліміз тұтынатын құс етінің 30%-ы импорттық Фото: agrotrend.kz

Бұл жұмысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талдау нарықта үстем немесе монополиялық жағдайды иеленген қатысушыларды анықтау, бағаның өзгергенін қадағалау, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларының саладағы бәсекелестікке қалай әсер ететінін бағалау мақсатында жүргізілді. Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген аудиттен кейін осындай зерттеу жүргізу қажет болды.

"2024 жылы Қазақстанда 358,7 мың тонна құс еті өндірілгенін, оның 42 мың тоннасы экспортқа шығарылғанын көрсетті. Ал импорт көлемі 135,7 мың тонна болған, яғни ішкі нарық импорттық өнімге әлі де жоғары деңгейде тәуелді болып отыр, шамамен 30%", - делінген аудит нәтижесінде.

Құс етін өндірушілерге мемлекеттен қолдау алуға бөгет жасайтын кедергілер анықталды: 

  • шағын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алуына кедергі келтіретін күрделі рәсімдер;
  •  өтініш беру мерзімдерінің тығыз болуы;
  • талап етілетін құжаттар топтамасы көп. 

Бұдан бөлек, субсидия алған кейбір өндірушілердің түпкілікті бағасы мемлекеттік қолдау алмағандарға қарағанда қымбат болып шықты.

Ахуалды жақсарту үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті ұсыныстар жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу