Еліміз Венада өтетін ОПЕК жиынына қатысады

1123

 Еліміз Венада өтетін ОПЕК жиынына қатысады

ОПЕК ұйымға мүше емес 12 елге Венадағы кездесуге қатысу туралы шақырту жіберді. Бұл туралы Венесуэланың мұнай министрі Эулохио дель Пино хабарлады деп жазады Reuters-ке сілтеме жасаған 7kun.kz.

Кездесу 29 қарашаға жоспарланған. Картель кезекті отырысына Қазақстан, Әзербайжан, Оман, Египет, Бахрейн, Колумбия, Мексика, Тринидад және Тобаго, Боливия, Норвегия және Канаданы шақырған.

Осыған дейін ОПЕК мүшелері Алжирде кездесіп, тәулігіне тек 32,5-33 млн баррель көлемінде мұнай өндіру туралы өзара келіскен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу