Еліміз жұмыртқа импортына шектеу қояды

478

Қазақстанда тауық жұмыртқасын көлікпен тасымалдауға жарты жылға тыйым салынбақ. Тыйым 1 мамырдан бастап күшіне енеді.  

Еліміз жұмыртқа импортына шектеу қояды Фото: Inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Оған сай елімізде жұмыртқа импортын шектеу көзделіп отыр.

Министрліктің хабарлауынша, бұл отандық шаруаларды қолдау үшін жасалып отыр. Оның үстіне қазір бізде 56 миллионнан астам құс бар. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 15 пайыздай көбейген. Ал былтыр өндірілген жұмыртқа саны 5 миллиардқа таяу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу