Елімізде "Қайырымды сейсенбі" акциясы өтеді

902

 Атаулы күн ретінде қарашаның соңғы сейсенбісін таңдаудың өзіндік мәні бар, дәл осы кезде жаппай сатылымдар басталады. 

Елімізде "Қайырымды сейсенбі" акциясы өтеді

Қазақстанда Дүниежүзілік қайырымдылық күніне орай "Қайырымды сейсенбі" акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қайырымды сейсенбі" халықаралық қайырымдылық қозғалысы әлемде жомарттықты дамытуға серпін беру мақсатын көздейді. Биылғы қарашаның соңғы сейсенбісінде - 27 қараша күні әлемдегі миллиондаған адамдар қайырымдылық флешмобын өткізу үшін бірігеді. Қозғалысты Андреа Бочелли, Шерил Сэндберг секілді көптеген жұлдыздар қолдап отыр. Бастама аясында қайырымдылық жасап, әлеуметтік желіде #қайырымдысейсенбі хештегімен бөлісуге болады.

"Идея 2012 жылы батыс елдерінде пайда болды. Атаулы күн ретінде қарашаның соңғы сейсенбісін таңдаудың өзіндік мәні бар, дәл осы кезде жаппай сатылымдар басталады. 23 қарашадағы маусымдық жаппай сатылымдардан кейін, 27 қараша күні қайырымдылық жасауды үйреніп жатырмыз. Бұл ешқандай саясат, дін немесе басқа да қозғалыстарсыз адамдарды біріктіретін бастама", - дейді "Қайырымды сейсенбінің" Қазақстандағы үйлестірушісі Ольга Салимова.

"Кейде көшедегі қайыршыларға ақша береміз, бірақ олар шын мәніндегі мұқтаж жандар емес, алаяқ та болуы мүмкін. Кімге көмек беріп жатқанымызды білуге тиіспіз. "Қайырымды сейсенбі" соған баулиды", - дейді ол.

"Қайырымды сейсенбі" Қазақстанда алғаш рет былтыр өткізілген. Биыл акцияға былтырғыдан көбірек бизнесмендер, үкіметтік емес ұйымдар, қайырымды жандар қатысып жатыр.

"Ауқымды қозғалыстың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. "Қайырымды сейсенбі" қайырымдылық істерге жұртшылық назарын аударуға септігін тигізеді", - дейді "SOS Қазақстанның балалар ауылдары" қорының корпоративтік фандрайзері Роза Қарабекова.   

Ұйымдар да, жеке тұлғалар да givingtuesdaykz.com сайтына тіркелу арқылы бастамаға бірдей қолдау көрсете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу