Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Үкіметтің баспасөз орталығында келесі жылы нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты.
Оның сөзінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бері 1,3 млн қазақстандық 42500 теңге айлық алып келген. Бұл елдегі ең төменгі еңбекақы болып саналады.
"Алдағы жылы 500 мың мұғалімнің жалақысы 25%-ға артады, 215 мың дәрігер мен мейірбикенің жалақысы тиісінше 30% және 20%-ға көбейеді. 34 мың мәдениет, өнер және мұрағат қызметкерлерінің, сондай-ақ 25 мың әлеуметтік қызметкердің жалақысы 30%-ға артады", – деді Бердібек Сапарбаев
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу