Елімізде 1,5 миллионға жуық адам жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан

2280

Әсіресе Қарағанды өңірінде жиі кездесіп отыр.

Елімізде 1,5 миллионға жуық адам жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан

Елімізде 1 жарым миллионға жуық адам жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл көрсеткіш бойынша кенді өңірде жоғары болып тұр. Қарағандыда жүрегі сыр берген 120 мыңнан аса науқас бар екен.

Сондықтан мамандар денсаулық күтіміне жіті мән беру керектігін ескертіп отыр. Олар құнарлы тағамдарды ғана тұтынып, майлы және тұзы көп астан бас тарту керек дейді. Сондай-ақ қимыл-қозғалысқа ұдайы көңіл бөлген жөн.

Астанада өткен конференцияда осы сияқты тақырыптар қаузалды. Оған польшалық дәрігерлер де қатысты. Кәрі құрлықтан келген меймандар аурудың алдын алуға бағытталған кешенді жоспар әзірлеген екен.

"Польшалықтар жұмыстарын Қазақстанда таныстырмақшы. Біз де өзіміздің жұмысымызды таныстырамыз. Сөйтіп, бірігіп жұмыс істеуге ниет танытып отырмыз. "Денсаулық сақтау, нығайту және сауықтыру" мәселелері туралы жалпылама концепция әзірлеуіміз мүмкін", – дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Дәленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу