Еліміздегі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар туралы мәліметтер базасында 28,4 мың бала тіркелген, деп мәлім етті білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Қазақстанда 2016 жылы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар, сондай-ақ ықтимал ата-аналар туралы республикалық база іске қосылды, деп атап өтті Ерлан Сағадиев жұма күні Астанада ведомство алқасының отырысында.
Оның мәліметі бойынша, 2017 жылдың қаңтарында 28,4 мың бала және 1 мың 400 ықтимал ата-ана тіркелген.
"Нәтиже көрсеткендей, жұмыс жанданып отыр, тағы 6 балалар үйі жабылып, балалар үйлеріндегі балалар саны 1 мыңға қысқарды", – деп атап өтті Ерлан Сағадиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу