Жыл басынан бері елімізде 1,6 млн жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Бұл былтырғыға қарағанда 24,3%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 93,1%, олардың саны бір жылда 30,7%-ға, 1,5 млн-ға дейін артты.
Аймақтар бойынша қарастыратын болсақ, жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ең көп саны Алматыда байқалды: (195,1 мың кәсіпорын). Үздік үштікте Түркістан облысы (172,8 мың) мен Астана қаласы (137 мың) бар.
Ең жоғары жылдық өсім Шымкентте (+59,5%, 90,6 мыңға дейін), ал ең аз өсім СҚО-да (+9,2%, 26,2 мыңға дейін) тіркелді. Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында жеке кәсіпкерлер санының азаюы байқалып отыр.
Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үштен бірінен астамы (36,5%) көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында жұмыс істеді: (539,2 мың). Бұдан басқа жеке кәсіпкерлер АӨК, жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар секторы, өңдеу өнеркәсібі және көлік-логистика саласында жұмыс істейді.