Елімізде 1,7 миллионнан астам жас оқырман бар

302

Балалар кітапханаларының қоры 7 миллион кітаптан асты.    

Елімізде 1,7 миллионнан астам жас оқырман бар Фото: abakus-center.ru

Қазақстанда балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде елімізде балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін 300-ден астам кітапхана жұмыс істейді. Олардың кітап қорында 7 миллионнан астам кітап бар, ал тұрақты оқырмандар саны 1,7 миллионнан асады.

Кітапханалардағы сұраныс балалар әдебиетіне қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Жас оқырмандар арасында Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" және "Балалық шаққа саяхат", Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі", Ыбырай Алтынсариннің "Әке мен бала", Мұхтар Әуезовтің "Көксерек" шығармалары ерекше сұранысқа ие.

2026 жылы кітапхана қорын балалар мен жасөспірімдерге арналған 42 мың жаңа кітаппен толықтыру жоспарланған. Бұл оқырмандардың қазіргі заманғы және классикалық әдебиетке қолжетімділігін кеңейтеді.

Балалар әдебиетіне деген қызығушылық кітап дүкендерінен де байқалады. Жыл басынан бері елімізде балаларға арналған 200 мыңнан астам кітап сатылған.

Мамандардың айтуынша, кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытады, таным көкжиегін байытады және ұлттық әрі әлем әдебиетіне қызығушылығын арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу