"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 210 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 001 бала бар. Стационарларда 3 803 науқас жатыр. 10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.
Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте коронавирустың жаңадан 670 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Осылайша елімізде індет тіркелгелі COVID-19 жұқтырғандар саны 137653-ке жетті. Оның ішінде 121347 адам ем қабылдап, жазылып шыққан.
Фото: twitter.com