Елімізде 1 мың IT сыныбы ашылады

875

Елімізде 1 мың IT сыныбы ашылады

Елімізде 1 мың IT сыныбы ашылады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Оның сөзінше, бұл сыныптарда 8 бен 16 жас аралығындағы 150 мың бала оқытылады. Мұнда бағдарламалау және робот техникасы пәндері тереңдетіліп оқытылады. Ал 2018-2020 жылдары барлығы 450 мың бала осы сала бойынша білімін жетілдіреді деген жоспар бар.

Бастама мектептерде 3-6 айлық курс ретінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының жанынан да 20 орталық есігін айқара ашады. Бұл мекемелерде 35 мың маман даярлау көзделуде. Болашақта олар Астана хаб халықаралық технопаркінде жұмыс істей алады.

"Бұл сыныптарда айти сабақтары кәсіби деңгейде оқытылады. Бағдарлама халықаралық әдістемелер негізінде жүргізіледі. Сыныптарды ашуға қажетті барлық құрал-жабдықтар бюджет есебінен емес, бизнес қауымдастығы тарапынан сатып алынады. Ұстаздардың жалақысы да "Туған жер" бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің қолдауымен төленеді", - дейді Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу