"Алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде 75 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Өтініштерді қабылдау электрондық форматта egov.kz арқылы жүргізіледі", - делінген министрлік мәліметінде.
Мектепке келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- баланың туу туралы куәлігі;
- баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (№026/у-3 нысаны бойынша бала денсаулығы паспорты, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
- 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.
Сонымен қатар, "Қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін тапсыра алады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіліп жатыр. Алдағы оқу жылында елімізде бірінші сыныптарға 340 мыңнан астам бала барады.