Елімізде 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

393

Бұл жыл басынан есептегендегі көрсеткіш.

Елімізде 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 13%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz.

"Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау және Абай облыстарында, Астана және Алматы қалаларында байқалды", - деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Ведомство өклінің сөзінще, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 0,3%-ға ұлғайған. Сектордағы өндірістің өсуі 15 өңірде тіркеліп отыр. 

Оның ішінде ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстарында тіркелді.

"7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдайға тоқталсақ, барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 6 өңірде байқалды. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында. 6 көрсеткіш бойынша өсім 8 өңірде – Абай, Ақмола, Алматы, Жетісу, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу