Елімізде 10 жаңа кен орны ашылады

1517

Тау-кен және мұнай-газ кешендеріне 6,3 трлн теңге инвестиция тартылады. 

Елімізде 10 жаңа кен орны ашылады

Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын таныстырды. 

Оның сөзінше, мемлекеттік бағдарлама 2025 жылға қарай экономиканың бірнеше саласында нақты нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. 

"Аумақты барлау көрсеткіші 25,8% -дан 37%-ға артады. Пайдалы қазбалар қорының 50-ге жуық нысанын анықтауға мүмкіндік береді. Геологиялық барлау жұмысымен айналысатын мамандардың санын 60 мың адамға дейін ұлғайтады. 

"2025 жылға қарай елімізде 10 жаңа кен орны ашылады. Оның жетеуі – қатты пайдалы қазбалар, үшеуі – мұнай-газ саласына қатысты болады. Тау-кен және мұнай-газ кешендеріне 6,3 трлн теңге инвестиция тартылып, 20 мың жаңа жұмыс қалыптасады. Осының барлығы өңірлердегі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне оң әсер етеді", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу