Елімізде 10 жылда 40 суқоймасы салынады

829

Бұрын қабылданған Су ресурстарын басқаруға қатысты мемлекеттік бағдарлама ұлттық жобаға айналады. Құжатта жаңа суқоймаларын салу қарастырылған.

Елімізде 10 жылда 40 суқоймасы салынады

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

Оның айтуынша бағдарлама жобасында 6 басым бағыт бар.

Мұнда суды үнемдеу технологиялары арқылы суарылатын жерлердің аумағын  221 мың гектардан 420 мың гектарға дейін ұлғайту да көзделген. Сонымен қатар ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, жаңа суқоймаларын салу да жоспарланған.

"Нәтижесінде 2000 шақырым арна жаңартылады.  Бұған қоса 8 жаңа суқоймасы салынады. Олардың жалпы көлемі 885 млн текше метр. Суқоймалары Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарында салынады. 2025 жылдан 2030 жыл аралығында 31 жаңа суқоймасы салынады", - деді министр.

Бұл ретте су ресурстарын бақылауды цифрландыру жоспарланған. Оның ішінде 119 арнаға мониторинг жүргізу және су көлемін есепке алу жұмыстары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу