Елімізде 100 мыңдай адам коронавирустан емделіп жатыр

622

5,5 млн адам толық вакцина алды.

Елімізде 100 мыңдай адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 10 мыңнан аса адам COVID-19-дан айықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10 161 адам коронавирустан жазылған. Осылайша, елімізде барлығы 701 641 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 4 930 дерегі тіркелді. Пандемия басталғалы бері COVID-19 жұқтырғандар саны 803 601 жетті. 

3 қыркүйектегі мәлімет бойынша 99 675 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 21 714 пациент стационарда, 77 961 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 547 адамның жағдайы ауыр, 481 пациенттің жағдайы өте ауыр, 255 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар COVID-19 бен пневмониядан 117 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;

"Сары аймақта": Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары;

"Жасыл" аймақта": Түркістан облысы.

Сондай-ақ Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 748 762 адам, екінші компонентін 5 559 692 адам салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу