Елімізде 107 мыңнан астам адам нашақорлық диагнозымен динамикалық бақылауда тұр

471

Оның ішінде 83%-ы ішімдікке, 17%-ы есірткі және психотроптық заттарға тәуелді. 

Елімізде 107 мыңнан астам адам нашақорлық диагнозымен динамикалық бақылауда тұр

Бұл туралы ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков айтты, деп жазады inbusiness.kz ОртКом сайтына сілтеме жасап. 

Айтуынша, аталған диагнозбен бақылауда тұратындар саны жылдан жылға азайып келеді. 

"Бүгінгі күні халыққа наркологиялық көмек аудандық деңгейдегі 204 психикалық денсаулық кабинетінде және қалалық емханалар деңгейіндегі 83 психикалық денсаулық орталығында (көрсетіледі. Бұл орталықтарда құрамында психиатр-дәрігер (нарколог), психотерапевт, психолог, әлеуметтік қызметкер бар мультидисциплинарлық команда жұмыс істейді. Медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде оңалту барлық өңірлерде, оның ішінде біздің орталықтың Павлодар қаласындағы филиалында жұмыс істейтін өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында стационарлық деңгейде көрсетіледі. ПДО құрылымында тәулік бойы 3700-ден астам наркологиялық төсек-орын орналастырылған", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу