Елімізде 108 мыңнан астам киік бар

702

Елімізде 108 мыңнан астам киік бар

2015 жылы ақбөкендердің жаппай қырылуынан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі оларды қорғау тәсілдерін өзгертті. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қазіргі уақытта Қызыл кітапқа енген жануарларды 160-қа жуық инспектор бақылап отыр. Бүгін бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Сенат отырысында баяндады. Өткен жылы жүргізілген санаққа сенсек, қазіргі таңда елімізде 108 мыңнан астам киік бар. Бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда, бұл көрсеткіш едәуір өскен. Бүгінде Орал, Бетпақ дала, Үстірт популяцияларын көбейту үшін мамандар ғалымдардың көмегіне жүгінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу