Елімізде 11,7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды

273

Банкроттыққа өтініш қай өңір тұрғындарынан жиі түсетіні белгілі болды. 

Елімізде 11,7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды Фото: Shutterstock

97 мың қазақстандық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 97 мың өтініш қабылданды. Оның ішінде 80 мың өтінішке бас тартылды. 11,7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. 25 млрд теңгеден астам есептен шығарылды. Заңға екінші деңгейлі банктермен реттеу бойынша құжат қосымшаларын алып тастау, берешек сомасын және кредиторды көрсетуді талап етпеу, өлшемшарттады кеңейту бойынша өзгертулер әзірленіп жатыр", - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистермен өткен кездесуде.

Оның дерегінше, республика бойынша Алматы облысы, Түркістан облысы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы мен Қызылорда облысы тұрғындарынан банкроттыққа ең көп өтініш түскен.

Өз кезегінде Қаржы министрі Мәди Тәкиев халық арасында банкроттық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізудің маңызды екенін баса айтты.

"Егер де адам банкрот деп танылатын болса, бірқатар шектеу шаралары бар. Мәселен, шетелге шығу, қосымша несие алу. Біз заңнамалық деңгейде бірқатар құжаттарды алып тастап отырмыз. Бұл жеке тұлғаларға өтінішті берген кезде қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалып отыр", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу