Өткен тәулікте 4 320 адамнан коронавирус анықталған. Осымен қосқанда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 793 791-ге жетті. Олардың арасында 680 836 адам емделіп, жазылғандар қатарына қосылды. Мысалы өткен тәулікте 7 207 адам індеттен сауығып шыққан.
Ал 110 420 адам коронавирус инфекциясынан (103 553 КВИ+ және 6 867 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 744 пациент стационарда, 86 676 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 704 адамның жағдайы ауыр, 493 пациенттің жағдайы өте ауыр, 241 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.