Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді

392

Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті.   

Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді Фото: Inbusiness.kz

Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тағы бір айта кететін жайт, вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін 63 шақырымнан астам су арнасы механикалық тәсілмен тазаланады.

Осыған дейін министрлік 2023-2024 жылдарға арналған вегетация аралық және вегетациялық кезеңдердегі жұмыс жоспарын бекіткен болатын. Қазіргі уақытта облыс әкімдіктерімен бірлесіп вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары пысықталып жатыр.

"2024 жылғы вегетациялық кезеңді ойдағыдай өткізу үшін еліміздегі барлық су шаруашылығы нысандарының су жинауға дайындығы зерттелді. Осы күндері аймақтық филиалдар дәнді-дақылдарды әртараптандыру және субсидиялау мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр", - деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу