Елімізде 12 автожол жобасы жүзеге асады

864

Елімізде 12 автожол жобасы жүзеге асады

Елімізде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын 12 автожол жобасы жүзеге асады. Сондай-ақ, 125 шақырымға жуықтайтын 2 темір жол, "Құрық" портындағы паром өткелінің құрылысы басталады, деп хабарлайды atpress.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен осылай деді.

Диалогқа Қазақстан автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков, "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкееев және бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Баспасөз конференциясында республиканың транзиттік-көліктік әлеуетінің дамуы мен оның халықаралық көлік жүйесімен бірігуі, Қазақстан өңірлерінде бәсекеге қабілетті индустриалды инфрақұрылымды құру, кәсіпкерлікті қолдау және оның бәсекелестік шарттарына бейімделуі, қазақстандық экспортты дамыту және қолдау мәселелері қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу