Елімізде 12 млн-нан аса адам вакцина алды

607

Оның ішінде 5,7 млн адам толық екпе алған.

Елімізде 12 млн-нан аса адам вакцина алды

Қазақстанда 12 млн-нан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 928 646 адам, екінші компонентін 5 755 817 адам салдырды.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 3 639 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 824 118-ге жетті.

6 894 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері
734 883 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

8 қыркүйектегі мәлімет бойынша 87 015 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 18 333 пациент стационарда, 68 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 377 адамның жағдайы ауыр, 378 пациенттің жағдайы өте ауыр, 197 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ COVID-19 бен пневмониядан 82 адам қайтыс болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу