Елімізде 12 мыңдай өндірістік кеңес құрылды

950

Елімізде 12 мыңдай өндірістік кеңес құрылды

Енді кәсіподақтар жұмыс берушіге өндірістік кеңестер арқылы әсер ете алады, деп хабарлайды 24.kz.

Себебі "Кәсіподақ туралы" жаңа заң аясында әрбір кәсіпорында өндірістік кеңес құрылды. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 12 мың осындай кеңес құрылған. Онда қауіпсіздік шараларына қатысты барлық шешім міндетті түрде орындалады. "Ол үшін өндіріс орындары теxникалық құрал-жабдықтарын жаңартуға міндетті", – дейді кәсіподақ төрағасы. Айта кету керек, бүгін Астанада "Сананы жаңғырту" атты республикалық форум басталды. Онда кәсіподақтың келешегі мен жетілдіру жолдары талқыланып жатыр. Ал еліміздегі кәсіподақ федерациясының 2 миллионға жуық мүшесі бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу