Елімізде 125 мыңнан аса шетелдік автокөлік заңдастырылды

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті. 

Елімізде 125 мыңнан аса шетелдік автокөлік заңдастырылды Фото: KAZ.NUR.KZ.

"Биылғы жылдың 23 қаңтарынан 22 ақпанына дейін 40 мыңнан астам көлік заңдастырылды. Тағы 85 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстырып және одан әрі тіркеу үшін жіберілді. Яғни, бір айда 125 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды", – деді спикер.

Бұл ретте Қайсар Сұлтанбаев тек сақтандыру полисі негізінде автокөліктерді заңдастыруға болмайтынын айтты.

"Автокөліктерді сақтандыру полистері бойынша тіркеуге жол берілмейді, өйткені жылжымайтын мүлікті меншікке сатып алу мәселелері Азаматтық кодекспен реттеледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 235-бабына сәйкес меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын басқа тұлға сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімшарты немесе осы мүлікті иеліктен шығару туралы құжаттардың негізінде иемдене алады", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу