Ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы көрсеткіш бойынша, елімізде 13 119,1 мың тонна астық бар деп есептелген, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Оның ішінде 3 743 мың тонна – астық қабылдау кәсіпорындарында сақтаулы, 452,9 мың тонна – диірмендерде, 8 923,2 мың тонна ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінде сақтаулы.
Жалпы астық көлемінің 9 252,4 мың тоннасы – азықтық бидай, 1 756,6 мың тоннасы – тұқымдық, 1 609,5 мың тоннасы – жем-шөп, басқа да қажеттіліктер үшін 500,6 мың тонна.
Аймақтарға бөлген кезде: Ақмола, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарында қолда бары 10 млн тонна (10 274 мың тонна)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу