Елімізде 131,7 мың уақытша жұмыссыз адам тіркелген

702

Пандемияның еңбек нарығына әсер еткені анық.   

Елімізде 131,7 мың уақытша жұмыссыз адам тіркелген

Статистика комитетінің хабарлауынша, 2020 жылдың III тоқсанда республика бойынша 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды. Олардың 76,5%-ы жалдамалы қызмет бойынша жұмысқа тартылған. Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша, қазір елімізде жұмыссыз қалғандар саны 454,8 мың адамды құрайды. 

Сонымен қатар биылғы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда, қызметтің тоқтатылуына байланысты уақытша жұмыссыздар саны 52%-ға төмендеді. Осылайша олардың саны 131,7 мың адамға жетті. Оның 25%-ы – сауда қызметкерлері, 21,4%-ы – білім, 10,3%-ы – басқа қызмет көрсету (шаштараздар, сұлулық салондары, ұсақ тұрмыстық қызметтер) салаларында еңбек етеді.

Ал жұмыспен қамту орталықтарында 2020 жылдың қазан айының соңына 222,4 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелді. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жалпы жұмыс күшінің 2,4%-ына тең. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу