Елімізде 132 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған

426

Республикада барлығы 4 705 нотариус бар. 

Елімізде 132 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған Фото: Банки Сегодня

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, елімізде нотариустардың жалпы саны 4 705 болса, олардың 248-іне лицензия берілген.

"Түрлі себептермен 16 лицензия қолданысы тоқтатылды. 76-сының лицензиясы уақытша тоқтатылды, тағы 16-сы лицензиясынан айырылды. 132 нотариус тәртіптік жауапкершілікке, 62 нотариус әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек министр Қазақстанда 5 997 адвокат бар екенін жеткізді. Олардың 288-іне лицензия берілген.

"Түрлі негіздер бойынша 18-інде лицензия тоқтатылды, 22-сінде лицензия уақытша тоқтатылды, біреуі лицензиясынан айырылды. 25 адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әділет департаменттері 2 331 адвокаттармен және заң кеңесшілерімен тегін заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасады. 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша тегін заң көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен 2 млрд 719 млн 506 мың теңге бөлінді", - деп жалғастырды Азамат Есқараев.

116 427 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу