Елімізде 138 мектептің оқушылары үш ауысыммен білім алуда

629

Алматы, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы оқушылары көп, мектептері аз өңірлердің көшін бастайды. 

Елімізде 138 мектептің оқушылары үш ауысыммен білім алуда

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында еліміздің білім саласына 301,6 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 42,2%-ға жоғары.  Алайда көптеген өңірлерде шешілмеген мәселелер жетерлік, деп хабарлады inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәселен, Шымкентте үш ауысыммен оқитын оқушылардың мәселесі тек 3 жылдан кейін шешіледі. Шаһарда 14 мектеп үш ауысыммен жұмыс істесе, оның бірі ескірген. Ал 13 ауданда, тіпті мектеп жоқ. Ал жылдан жылға оқушылар саны артып келеді. 

Былтыр Шымкент қаласының білім саласына бағытталған инвестиция көлемі 8,8 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,1%-ға жоғары. 
Жалпы үш ауысыммен жұмыс істейтін мектептер мәселесі көп жылдан бері қордаланған жағдай. 2019/20 оқу жылында елімізде  мұндай 138мектеп жұмыс істеген. Ал бір жыл бұрын олардың саны 128 еді. Бұл жағдай, әсіресе, Алматы облысы, Шымкент және Маңғыстау облысының оқушыларына қиындық туғызып келеді. 

"Панорама Шымкент" ұсынған деректерге, сүйенсек аталған мегаполисте мектеп жетіспеушілігін шешу үшін 4 тойхананы оқу ғимараты ретінде жарақтау ұсынылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу