Елімізде 145 адам буллинг жасағаны үшін жазаланды

217

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Елімізде 145 адам буллинг жасағаны үшін жазаланды Фото: freepik

Қазақстанда жыл басынан бері буллинг жасағаны үшін 145 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Былтыр заңнамаға жүйелі түрде кемсіту мен қысым көрсетуге қатысты өзгерістер енгізілген болатын.

"Министрлік құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жаңа заң жобасын әзірледі. Бұл құжатта кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелеріне жеке бөлім арналған. Осы заң жобасы аясында жасөспірімдерге құқықтық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттіктері қайта қаралады. Профилактикалық бақылауға алынатын тұлғалар санаты жаңартылды", – деді Алексей Милюк Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу