Елімізде 15 мыңға жуық автоконструктор заңдастырылды

456

Шетелдік көліктерді заңдастыру барысында бірқатар мәселелер шешімін тапты.

Елімізде 15 мыңға жуық автоконструктор заңдастырылды Фото: Колеса

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Бірінші мәселе қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көліктер. Олардан кедендік тазартудан өтуі тиіс болатын және заңдастыруға жіберілмеген. Үкімет қаулысына сәйкес, биылғы 22 мамырдан бастап конструктор көліктерді заңдастыруға рұқсат берілді. Бүгінгі таңда 15 мыңға жуық автоконструкторлар заңдастырудан өтті", - деді ол.

Келесі мәселе Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде есептен шығарылмаған көліктерге және оларға қойылған шектеулерге байланысты. Көрсетілген автокөліктер бойынша заңдастыруда кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған.

"Алайда басқа елде бұрынғы тіркелген жері бойынша олар есептен шығарылған жағдайда заңдастыру шарттарында бастапқы тіркеуден өтуге немесе оларды кері әкету туралы міндеттеме бойынша оларды 5 жыл мерзімге уақытша есепке қояды. Уақытша есепке қою кезінде ҚР көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және мемлекеттік нөмір белгілері берілетін болады. Мұнда 15 мың теңгеге жуық мөлшерде алым төленеді", - деді спикер.

Министрлік өкілінің мәліметінше, тіркеу туралы куәлікте уақытша есепке алу, иеліктен шығару және Қазақстаннан тыс жерлерге шығу құқығынсыз деген жазбалар көрсетіледі. 

"Шетел автокөліктерді тіркеу құжаттары мен мемлекеттік белгілері Мемлекеттік корпорацияға сақтауға тапсырылатын болады. Қазақстандықтар аталған көліктерді елден тыс жерлерге әкетуге шешім қабылдаса, олар ҚР тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыруы керек. Содан кейін оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылатын болады. Ал егер осы автокөліктерді Қазақстан азаматтары елде бастапқы тіркеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған жағдайда алдымен бұрынғы тіркелген елінде есептен шығаруы қажет, оларға 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы тіркеу үшін алым төлейді. Яғни оларға заңдастыру шарттары қолданылады. Утилизациялық алым төленбейді", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

ІІМ бұл жұмысты биылғы 17 шілдеден бастауды жоспарлап отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу