Елімізде 16,5 миллион тонна астық бастырылды

973

Елімізде 16,5 миллион тонна астық бастырылды

Жанар-жағармайдың қымбаттауына қарамастан, күзгі жиын-терін жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта еліміз бойынша 16 млн 582 мың тонна астық бастырылған. Өңірлердегі ауыл шаруашылығы басқармаларының дерегі бойынша, 12 мың 816 гектар алқаптан астық орылған. Бұл барлық бидай алқабының 84,4 пайызын құрайды. Орташа есеп бойынша әр гектардан 12,9 центнер астық алынуда. Ал 2016 жылдың осы кезеңінде 10 мың 142 гектардан 14 млн 873 мың тонна астық жиналған болатын. Ол егістік алқаптың 66,8 пайызы. Сөйтіп, орташа есеппен әр гектардан 14,7 центнер астық жиналған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу