Елімізде 16-ақ мың волонтер бар

1122

Президент еріктілердің қатарын көбейту қажеттігін айтты. 

Елімізде 16-ақ мың волонтер бар Фото: Серікжан Қобыланбаев

Birgemiz атты республикалық фронт-кеңсенің ашылуында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 16-ақ мың волонтер бар екенін мәлімдеді. 

"Дүниежүзінде волонтерлік қызметтің ауқымы өсіп, әлемдік қозғалысқа айналды. Қазірдің өзінде жер бетінде 1 миллиардқа жуық волонтер бар. Бізде 16-ақ мың. Бұл  – аз. Волонтерлердің санын 100 мыңға дейінгі деңгейге жеткізуге болады. Олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі зор. Әлемнің жалпы ішкі өнімінің 2,5%-ы – еріктілер еңбегінің нәтижесі. Көптеген елдерде ерікті болу – қалыпты жағдай, үлкен құрмет саналады. Жұртшылық оларды сыйлайды", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Франция мемлекеті халқының тең жартысы волонтер. Германия мен Жапонияда да волонтерлардың саны жыл сайын көбейіп келеді.  

"Бізге осындай деңгейге ұмтылу керек. Азаматтарымыз өзгеге құрмет көрсетуде аянып қалмауға тиіс. Сол арқылы қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттырамыз. Волонтерлік – патриотизмнің бір бөлігі. Еріктілер ең алдымен ел игілігіне қызмет етеді", – деді Президент.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу