Елімізде 160-тан астам адам мүгедектік алу үшін жалған медициналық құжат рәсімдеген

341

Сараптама нәтижесінде бірқатар медициналық құжаттардың қолдан жасалғаны белгілі болды.    

Елімізде 160-тан астам адам мүгедектік алу үшін жалған медициналық құжат рәсімдеген Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізген тексеріс барысында 167 күмәнді жағдай анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, әртүрлі науқастарға бірдей мазмұнда рәсімделген құжаттардың "көшіріп қою" тәсілімен дайындалғаны тіркелген.

Сонымен бірге зертханалық талдаулар, ауру тарихы (анамнез) және дәрігерлік қорытындылардың бір-бірімен толық сәйкес келетін фактілері анықталған. Мұндай құжаттарда тек науқастардың жеке мәліметтері мен тексерілген күндері ғана өзгертіліп, негізгі мазмұны сол күйінде қалдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу