Елімізде 17 әлеуметтік қызметті кез келген өңірден рәсімдеуге болады

564

Енді қазақстандықтар бірнеше әлеуметтік қызметті еліміздің кез келген өңірінде ресімдеп, қол жеткізе алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.    

Елімізде 17 әлеуметтік қызметті кез келген өңірден рәсімдеуге болады Фото: ult.kz

"Бұған дейін бізде кейбір қызметтер тұрғылықты жері бойынша көрсетіліп келді. Яғни азамат басқа қалада болған жағдайда әлеуметтік көмекті ала алмайды. Бұл тұрғындар үшін қолайсыз. Осы орайда 17 әлеуметтік қызмет орталықтандырылды. Ендігі уақытта еліміздің кез келген өңірінен әлеуметтік мемлекеттік төлемдерді ресімдеп алуға болады. Аталған жаңашылдық іске қосылғалы 75 мың отандасымыз оны пакйдаланды", - деді Ербол Оспанов елордада өткен адам және ғаламшарға арналған цифрлық шешімдер тақырыбындағы конференцияда.

Вице-министрдің айтуынша, кейбір әлеуметтік қызметтерді екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндік бар.

"Соңғы уақытта елімізде мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары арқылы алу трендке айналды. Біз де көштен қалмай, отандық 3 банкпен келісімге келіп, 6 қызметті солардың қосымшасы арқылы ұсынып жатырмыз. Биыл 11 айда 280 мың адам аталған қызмет түрін пайдаланды. Азаматтарға өзі қолданатын банк қосымшасы арқылы басқа да қызметті алу ыңғайлы болып шықты", - дейді министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу