Елімізде 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды

2264

Оған 372 млн теңгеден аса қаражат жұмсалған.  

Елімізде 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды Фото: "Айғақ"

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тұрғын үй көмегі, жергілікті бюджеттен төленеді.  Былтыр өтемақы мөлшері мен үміткерлердің санын ұлғайтатын өзгерістер енгізілген. 

Өңірлік әкімдіктердің деректеріне сүйенсек, соңғы 4 жылда 174 мыңнан астам азамат, шамамен 5 млрд теңге тұрғын үй көмегін алған. Мұнда  әлеуметтік аз қамтылған отбасының табысы,  бір адамға шаққанда 25 мың  798 теңге, ал тұтастай отбасына есептегенде 103 мың 192 теңгеден аспауға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу