Елімізде 18 мың шетелдік компания жұмыс істеуде

691

Алматыда жұмыс істеп тұрған компаниялардың 10%-дан астамы шетелдіктерге тиесілі.   

Елімізде 18 мың шетелдік компания жұмыс істеуде

2020 жылдың мамырында елімзде 450,9 мың заңды тұлға тіркелген. Оның 316 мыңы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалар саны 3%-ға артқан. Ал жұмыс істеп тұрған компаниялар саны 8,2%-ға өскен, деп хабарлайды finprom.kz.

Олардың ішінде қызметін дөңгелетіп отырған 18,3 мың шетелдік кәсіпорын бар. Бір жылда олардың саны 16,5%-ға өскен.

Жалпы кәсіпкерлік нысандар есебінде аталған компаниялар үлесі 5,8%-ға артты. 

Шетелдік компаниялардың 43%-дан астамы Алматыда шоғырланған. Шаһардағы олардың саны 7,9 мыңға жетті. Мегаполистегі шетелдік компаниялардың үлесі 10,1%. 

Салалар бойынша өзге елден келген кәсіпкерлердің басым бөлігі – 8 мыңы сауда саласында, 1,8 мыңы құрылыста,   1,2 мыңы ғылым саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар шетелдік компаниялардың үлесі тау-кенөнеркәсіпібінде жоғары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу