Елімізде 18 рет жер сілкінді

775

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халыққа есеп беру кезінде осылай деді.   

Елімізде 18 рет жер сілкінді

Министрдің мәлімдеуінше барлық жер сілкінісінің орташа көрсеткіші 2 баллдан жоғары болған, деп хабарлайды inbusiness.kz

"2020 жылы елімізде 18 жер сілкінісі тіркелді. Оның сегізі – Алматыда, екеуі – Шымкентте, алтауы – Алматы облысында, біреуі – Жамбыл облысында, біреуі – Түркістан облысында болды. Қабылданған шаралар шеңберінде 6 тұрғын үйдің, 28 мектеп пен мектепке дейінгі 1 мекеменің, 35 денсаулық сақтау нысанының сейсмотұрақтылығы күшейтілді. 12 мыңнан астам нысан тексеріліп, 10 мыңнан астам нысан паспортталды", – деді Юрий Ильин.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір 2023 жылға дейін сейсмотұрақтылықты арттыруға қатысты жол картасы әзірленіп жатыр. Құжатта ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығын арттыру, халықты құлақтандыру және оқыту жүйесін дамыту жөніндегі іс-шаралар қамтылады. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу