Елімізде 190 мың гектарда органикалық өнімдер өсірілмек

910

Бұл Қазақстандағы жалпы егіндік жердің (18,6 млн гектар) 1%-ға жуығы.  

Елімізде 190 мың гектарда органикалық өнімдер өсірілмек

Аталған жаңалықпен Қазақстандағы органикалық өнім шығарушылар одағының директоры Арсен Керімбеков бөлісті, деп хабарлады eldala.kz

"Елімізде көптеген органика өсіретін компаниялар өздерінің байланыс ақпараттарымен бөлісуге асықпайды. Олар өз салаларын жақсы біледі және жарнаманы қажет етпейді. Өйткені оларда өнімді өткізетін нарық ретке келтірілген. Сондықтан олардың тәжірибесіне қызыққан адамдар бізге хабарласса болады. 2020 жылдың желтоқсанындағы мәлімет бойынша елде мұндай  62 оператор жұмыс істеп жатыр. Оның 46-сы шамамен 190 мың гектар жерде органикалық дақылдар мен бұршақ тұқымдас өнімдер өсіреді. Ал жетеуі трейдерлер мен логистикалық компаниялар. Екі компания органикалық өнімдерге ауыса бастады, тағы екеуі қоғамдық мекемелер", - дейді сарапшы. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу