Елімізде 1990 жылмен салыстырғанда ғалымдар саны 2 есе азайған

601

Қазақстанда бір миллион халыққа 1172 ғалымнан келеді. 

Елімізде 1990 жылмен салыстырғанда ғалымдар саны 2 есе азайған Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Отандық ғылымды қолдау: гранттық жобалар мен бөлінетін қаражатты арттыру" тақырыбында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның дерегінше елімізде 22 мыңнан астам ғылыми кадр бар. "Оның 36%-ы 35 жасқа дейінгі жастар. Бір миллион халыққа 1172 ғалым келеді. Бұл көрсеткіш 1990-жылмен салыстырғанда 2 есеге азайған",- деді Дархан Ахмед-Заки.

Ғылым комитеті төрағасының айтуынша, ғылыми әлеует ғылымды қаржыландырумен тікелей байланысты. Ал, 2021 елімізде ғылымды қаржыландыру үлесі ЖІӨ-нің 0,13%-ды құрады.

Әлемдік тәжірибеде бөл көрсеткіш 1%-дан асқан кезде ғылым нәтижелі дамиды деп саналады.

"Дамыған елдерде бұл көлемнің үштен екісі жеке инвестициялардан қалыптасады. Мемлекет көбінесе іргелі зерттеулерді қаржыландырады. Бізде барлық жауапкершілік республикалық бюджетке тиесілі", дейді Дархан Ахмед-Заки.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу